Алматыда кезекте тұрғандарға үш мыңнан астам баспана үлестіріледі

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Алматыда баспана кезегіндегілерге пәтер үлестіру жүріп жатыр / Фото: kursiv.media архиві

Алматыда кезекте тұрған азаматтар үшін 3000-нан астам пәтер сатып алынады.
Қазіргі тұрғын үй қорында 885 пәтер бар, жыл соңына дейін тағы 2265 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Kursiv.Media krisha.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл баспаналар жалдамалы және несиелік тұрғын үй бағдарламалары арқылы кезекте тұрғандарға беріледі.

Сонымен қатар Қалқаман‑2 ықшамауданында 594 пәтерден тұратын 7 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл пәтерлер де келесі жылы кезектегілерге беріледі.

Тұрғын үй кезекке тіркелген күні мен табыс деңгейіне қарай бөлінеді.

Пәтерлерді бөлу басталды

Айта кетейік «Отбасы банк» жалдамалы және несиелік пәтерлерді үлестіре бастады. Кезекте тұрған азаматтарға SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр.

Хабарлама алу үшін жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, сондай-ақ өз нөміріңізді Мобильді азаматтар базасында тіркеу маңызды.

Сондай-ақ оқыңыз