
Қытай аумағында магнитудасы 4,0 балл жер сілкінісі тіркелді. Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы дүмпудің Қазақстан шекарасына жақын жерде болғанын хабарлады.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,0, энергетикалық класы – 9.
Айта кетейік, 23 қазанда алматылықтардың телефонына жер сілкінісі туралы хабарлама келді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан 136 шақырым оңтүстік-батысқа қарай орналасқан.
Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Төтенше жағдайлар министрлігі мамандары жер сілкінісі кезінде ең бастысы сабыр сақтау қажет дейді.
Үйде болсаңыз, есікке жүгірмеңіз. Үстелдің астына, есік жақтауының астына немесе қабырға қасына тығылыңыз, басыңызды қолыңызбен қорғаңыз. Терезе мен құлап кетуі мүмкін ауыр заттардан аулақ болыңыз.
Сыртта болсаңыз, ғимараттардан, ағаштар мен электр сымдарынан алысырақ, ашық жерге шығыңыз.
Көлікте болсаңыз, жер сілкінісі тоқтағанша күтіңіз. Содан кейін қауіпсіз жерге өтіңіз. Дүмпулер басылған соң айналаңыздағы адамдарға көмектесіңіз, газ бен электр сымдарын өшіріңіз.