2019 жылдан бері Қазақстан экономикасы 16% өскен

Кейінгі 6 жылда Қазақстан экономикасы 16% өскен. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«2019 жылдан бері экономикамыз 16 пайызға өсті, биыл осы көрсеткіш шамамен 137 триллион теңге, яғни 291 миллиард доллар болады деп күтілуде, бұдан да асуы мүмкін. Бұл Қазақстанның біздің аймақтағы ең үлкен экономика екенін көрсетеді», – деді президент.
Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47%-ға артып, 14 400 долларға жеткен Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіштің бірі.
«Қазақстанның алтын-валюта резервінің көлемі 58 миллиард долларға жетті. Жеті жылда сыртқы сауда айналымы 83 пайызға артып, бүгінде 142 миллиард доллар болды», – деді Тоқаев.
Бұған дейін президент Қазақстан президенттік билікке арқа сүйеген мемлекет болып қалатынын мәлімдеген.