Президент: Экономикалық реформаларды тоқтатуға болмайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
салық
Бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс / Фото: kursiv.media архиві, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Бизнес салық реформасынан зардап шекпеуі тиіс деген Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық реформаларды тоқтатуға болмайды деп тұжырымдайды. Президенттің сөзін Ақорда жариялады.

Президент бизнес қауымдастығының алаңдаушылығын түсінетінін айтып, салық реформасын тоқтатса «жаппай құлдырауға ұшыраймыз» деді.

«Экономикалық реформаларды мүлде тоқтатуға болмайды, қаншалықты қиын болса да, оң өзгерістерді міндетті түрде жүзеге асыруымыз керек. Әйтпесе, бәріміз жаппай құлдырауға ұшырауымыз әбден мүмкін», — деді ол.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық реформаларды тоқтатуға болмайтынын атап өтті.

«Бизнес салық реформасынан зардап шекпеуге тиіс. Ондай жағдайдың алдын алу үшін Үкімет кәсіпкерлермен сындарлы диалог жүргізуі қажет»,- деді Тоқаев.

Осы мақсатта Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағытында қосымша шаралар қабылданады.

Бұған дейін Тоқаев ел экономикасы 6 жылда 16 пайыз өсті деп мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз