2026 жылы дәрі-дәрмектің қай түрі ҚҚС-тан босатылады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Депутат требует арестов в «СК-Формация» из-за высоких цен на лекарства в Казахстане
Дәрі-дәрмектің қай түрі ҚҚС-тан босатылады / Фото: Shuttertsock

Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттар мен медициналық қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын әзірлеп, ашық талқылауға шығарды.

Қаулы жобасында төмендегілер айқындалған:

Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі, оның ішінде сирек кездесетін (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілер, оларды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында пайдалану қарастырылған;

ҚҚС-тан босатылатын медициналық қызметтердің тізбесі, соның ішінде орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге бағытталған қызметтер де тегін медициналық көмек пен МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

Күтілетін нәтиже

Қаулы жобасы бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейді. Бұл:

  • сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған дәрілердің бағасын төмендетіп, халық үшін қолжетімділігін арттырады;
  • тегін медициналық көмек пен МӘМС аясындағы қызметтерге ҚҚС есептелмей, пациенттерге қосымша қаржылық жеңілдік береді.

Аталған шара пациенттерге қолдау көрсетуді, емнің қолжетімділігін арттыруды және медициналық ұйымдардың қаржылық жүктемесін азайтуды мақсат етеді.

Қаулы жобасын талқылау 2025 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады. Ұсыныстар мен пікірлерді «Ашық НҚА» порталында қалдыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыз