Еурокомиссия: Meta шағым түсіру жүйесін әдейі қиындатқан

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Еурокомиссия: Meta шағым түсіру жүйесін әдейі қиындатқан / фото: shutterstock
Meta технология гиганты АЭС сатып алғалы жатыр / фото: shutterstock

Еуропалық комиссия Facebook пен Instagram-ға иелік ететін Meta еуропалық цифрлық қызметтер туралы Заңның (DSA) талаптарын бұзғанын анықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

The Guardian ақпаратына сүйенсек, Meta пайдаланушыларға заңсыз ақпаратқа, соның ішінде терроризм мен балаларға жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарға шағымданудың қарапайым әдісін ұсынбайды.

Алдын ала қорытындылар бойынша, компания қосымша қадамдарды арнайы қосу арқылы процесті қиындатқан. Пайдаланушы бірнеше қажетсіз жолдан өтуі керек. Бұл жағдайда интерфейс адамды адастырып, күмәнданатындай немесе жарты жолда әрекет жасайтындай етіп жасалған. Интерфейс көмектесудің орнына пайдаланушыны әдейі шатастырады немесе алаңдатады.

Еурокомиссия бұл тек заңсыз мазмұнмен күресуге ғана емес, сонымен қатар, сөз бостандығына, соның ішінде Палестинаға қатысты тақырыптарды «көлеңкелі түрде бұғаттады» деген айыптауларға қатысты екенін айтты.

Сонымен қатар, Мeta және TikTok тәуелсіз зерттеушілердің ашық деректерге қол жеткізуін шектегені үшін бөлек ескерту алды, бұл да DSA-ны бұзу. Егер компаниялар талаптарды орындамаса, оларға жаһандық жылдық кірістің 6%-на дейін айыппұл салынады.

Meta қорытындылармен келіспейді және ол қазірдің өзінде қажетті өзгерістер енгізгенін айтады. TikTok деректердің бір бөлігін жібере алмайтынын айтады, себебі бұл жеке деректерді қорғау туралы Еуропалық заңды (GDPR) бұзуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз