Көлік апатынан зардап шеккендер санавиациямен ауруханаға жеткізілді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Көлік апатынан зардап шеккендер санавиациямен ауруханаға жеткізілді / Фото: instagram.com/mchs.kazaviaspas

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен азаматтар санвиация көмегімен Хромтау қаласынан Ақтөбеге жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық рейстерді орындаған.

«Бүгін күндіз санитарлық авиация экипажы шұғыл медициналық көмек көрсету аясында Ақтөбе – Хромтау – Ақтөбе бағыты бойынша екі рет ұшып шықты», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сүйенсек екі науқас Ақтөбе қаласына жеткізілген. Ұшуды әуе кемесінің командирі Айбек Нүфти басқарған экипаж орындаған.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазан күні таңертең «Самара-Шымкент» автожолының 927 — ші шақырымында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі соқтығысқан. Апаттан екі жүргізуші мен 8 ересек, 2 кәмелетке толмаған жолаушы қайтыс болған. Құрбан болғандардың барлығы – Ақтөбе облысының тұрғындары.

Сондай-ақ оқыңыз