Жаңалықтар

Ақтөбеде Республика күніне жоспарланған мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды

Ақтөбе облысында мерекелік іс-шаралар өтпейтін болды / фото: Ақтөбе әкімдігі

Ақтөбе облысының әкімдігі жол апатына байланысты 25 қазан күні сағат 19:00-де «Қазақ халқына мың алғыс» алаңында өтуі жоспарланған гала-концерт пен отшашудың өтпейтінін хабарлады.

Бұл шешім өңірде орын алған адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайға байланысты қабылданды.

Еске сала кетейік, 23 қазан күні Самара–Шымкент автожолының бойында, Белқопа ауылының маңында ауыр жол апаты орын алды. DAF жүк көлігі мен «Газель» маркалы жолаушылар көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам көз жұмды.