
Белгілі продюсер, актриса Баян Алагөзова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Бұл туралы Алагөзова өзінің инстаграм парақшасында жариялады.
«Достар! Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін менің анамның арманы орындалды. Мен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атандым! Бұл жоғары марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Айда Ғалымқызы Балаеваның қолынан алу мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік! Отанға қызмет етемін!», — деп жазды продюсер.
Баян Алагөзова — қазақстандық шоу-бизнес пен кино саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан тұлға. Оның жобалары қазақстандық көрерменнің ықыласына бөленіп, мәдени кеңістікте ерекше орын алады.