Lifestyle

Димаш Мысырда «Пирамидалар жаңғыры» фестивалінде өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген / Almaty Open ATP 250 / Фото: DimashNews

Қазақтың әлемге танылған әншісі Димаш Құдайберген Мысырдағы халықаралық «The Pyramids Echo» фестивалінде өнер көрсетеді. Ән кеші 30 қараша күні өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әнші фестивальдің ең әсерлі жабылу салтанатында шығады. «Әлемдегі ең сирек дауыс иелерінің бірі» атанған Димаш барлық алты вокалдық диапазонда ән орындап, көрермендерді таңғалдырған.

Мамандар мен музыкалық сыншылар да қазақстандық орындаушының шеберлігіне жоғары баға беріп отыр. Мысыр пирамидаларының аясында өтетін концертте әлемнің түкпір-түкпірінен келген әншілер өнер көрсетеді.