Шавкат Рахмонов «Барыс» орденімен марапатталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Токаев вручил орден «Барыс» бойцу UFC Шавкату Рахмонову
Шавкат Рахмонов «Барыс» орденімен марапатталды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа II дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті. Мемлекет басшысы спортшының еліміздің халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Шавкат шетелде Қазақстанның әділ және лайықты бейнесін қалыптастыру үшін көп еңбек етіп жүр. Еліміздің атын әлемге танытып, спорт арқылы Отанды дәріптеп келеді», – деді Президент.

Шавкат Рахмонов UFC әлемінде жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері. Кәсіби көрсеткіші — 19 жеңіс және 0 жеңіліс.

Айта кетейік, бұған дейін Республика күні қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы, сондай-ақ А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды 11 қазақстандыққа табыстаған болатын.

Сонымен қатар мәдениет саласында еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа «Халық әртісі» атағын берді.

Сондай-ақ оқыңыз