
Әйгілі француз императоры Наполеон Банопарттың теңдессіз бриллиант түйреуіші алғаш рет аукционда сатылады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Sotheby’s аукционында саудаланатын қымбат әшекейдің жақында Луврда ұрланған жәдігерлерге ешқандай қатысы жоқ.
Сауданы ұйымдастырушының хабарлауынша, кезінде дәл осы сәнді түйреуішті Наполеон 1815 жылы ұрыс алаңынан қашқан уақытта тастап кеткен. Сол кезде жәдігер ұрыста жеңген Пруссия патшасының меншігіне өткен.
Енді ол 12 қарашада Женевада сатылады. Наполеон таққан түйреуіш аукционда саудаланатын бас жәдігер болады. Bloomberg дерегінше, әшекей 250 мың долларға сатылуы мүмкін.
Сол күні Осман империясының соңғы ханшайымдарының бірі Неслишах Сұлтанның бриллинт жүзігі де сатылады.