Yandex Ads: қарашада пайдаланушылардың жаппай сатылымға қызығушылығы еселеп артады
Қазақстандағы Яндекс Поиск қызметіндегі жаппай сатылымдарға қатысты сұранымы қарашада жылдың орта мәніне қарағанда 180%-ға артады. Жаппай сатылымдар туралы ақпаратты іздейтін аудиторияның ішінде 58%-ы — әйелдер, 42%-ы — ерлер. Олардың 87%-ы орташа табысқа ие, 47%-ы неке құрған. 60%-ға жуығы — 18-34 жастағы пайдаланушылар.
«Пайдаланушылар қараша айының басынан бастап Яндекс Поиск қызметінен жаппай сатылымдарды белсенді іздей бастайды. Бұл сатып алуға дайын клиенттерге жақындаудың бірінші нүктесі, осы кезде бизнес оны өзінің маркетинг-миксінде қолдана білуі маңызды. Тауарлар мен қызметтерді жарнамалау кезінде компаниялар аудиторияның қызығушылығын қыздырып отыру үшін максималды жеңілдік күндері туралы ескертіп отырғаны абзал. Қолжетімді төлем тәсілдері мен кешбэк арқылы үнемдеу немесе бірнеше төлемге бөліп сатып алу мүмкіндіктері жайлы қосымша айтуға болады. Ол бюджет тауар құнына сезімтал болған кезде сатып алуға кедергілерді төмендетуге мүмкіндік береді», — Мадина Сейсенғалиева, Орталық Азиядағы Yandex Ads басшысы.
Жаппай сатылым кезінде нені онлайн сатып алады?
Қазақстан тұрғындары тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде онлайн сатып алады: пайдаланушылардың 61%-ы айына кем дегенде бір рет интернет арқылы бірдеңе сатып алады. Бәрінен жиі сатылатындар: киім, аяқ киім мен аксессуарлар (53%), парфюмерия мен косметика (34%), тұрмыстық техника мен электроника (33%), үйге, жөндеу жұмыстарына арналған тауарлар мен жиһаз (30%), дәрілер (29%). Қараша айында жылдағы орташа мәндермен салыстырғанда онлайн сатып алуға қызығушылық барынша жоғары болады.
Жаппай сатылымдар кезінде пайдаланушылар тауарларды белсенді түрде онлайн сатып алып, оларға жұмсайтын шығындарын ұлғайтады. Ең үлкен өсім киім, аяқ киім мен аксессуарлар санатына келеді — онлайн сату көлемі 112%-ға және интернет-дүкендердің табысы 137%-ға артады. Екінші орынды үйге арналған тауарлар иеленеді: қараша айында сатылым көлемі 86%-ға, табыс — 69%-ға артады. Жаппай сатылымдар кезінде сатып алуға интернет-жарнаманың ықпалы еселеніп өседі: дүкендер жарнамадан орташа алғанда үш есе көп сатылым алады.
Интернетте қандай тауарларды белсенді іздейді?
Яндекс Поиск деректері бойынша, жылдағы орташа мәндермен салыстырғанда, қараша айында ойын-сауық пен демалысқа қатысты іздеу сауалдарының саны 37%-ға, киім, аяқ киім мен аксессуарларға қатысты сауалдар 31%-ға, ал дәрумендер мен биологиялық белсенді қоспаларға сұраныс 30%-ға артады.
Іздеу сұранымдарының сараптамасы қарашаның күзгі және қысқы киімдерді белсенді сатып алу, сондай-ақ негізгі киімдерді жаңарту мезгілі екенін көрсетеді. Оқу мезгілі басталып кеткеніне қарамастан, пайдаланушыларда мектепке арналған тауарлардың жаппай сатылымына жоғары қызығушылық әлі де бар.
Жаппай сатылымдар кезінде электроника туралы іздеу сауалдарының саны да артады — пайдаланушылар көптен бері сатып алуды жоспарлаған тауарларға жеңілдіктер іздей бастайды. Тек смартфон, планшет және қосымша құрылғыларға ғана емес, VR көзәйнектеріне де қызығушылық артады — жылдағы орташа мәндермен салыстырғанда үш есе ұлғаяды. Яндекс Поиск пайдаланушылардың 54%-ы бумен тазартқыштарға, 51%-ы асханалық комбайндарға, 49%-ы грильдерге ерекше қызығушылық танытады. Ірі тұрмыстық техниканың арасында ыдыс жуатын және киім кептіретін машиналарға сұраныс артады — тиісінше 38% және 37%.
«Жаппай сатылымдар кезінде де пайдаланушылар шешімді бірден қабылдамайды: іздеу басталған сәттен сатып алуға дейін орташа алғанда сегіз күн өтеді. Бұл кезде олар Яндекс Поиск қызметінен әртүрлі ұсыныстарды іздейді, сатушылардың сайттарындағы ұқсас тауарларды салыстырады және тиімді нұсқаларды таңдайды. Тауарларды жарнамалау кезінде осыны ескеру маңызды: сатып алуға дейінгі жолдың әр нүктесінде байланыс құру, тауарлар туралы еске салу үшін ретаргетинг технологияларын қосу және клиенттерді қосымша ұсыныстармен ынталандыру қажет», — Мадина Сейсенғалиева, Орталық Азиядағы Yandex Ads басшысы.
Офлайн не сатып алады?
Қазақстан тұрғындары тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде офлайн сатып алуда және оған геосервистер көп көмектеседі. Республикадағы әрбір үшінші пайдаланушы айына бір рет және одан жиі карталарға жүгінеді. 85%-ы карталардан орындарды іздеп, бағдар құрады, 41%-ы — рөлде кетіп бара жатқанда навигаторды қолданады.
Жаппай сатылымдар мезгілінде пайдаланушылардың 73%-ы карталардан сауда орталықтарын жылдағы орташа мәндерге қарағанда жиірек іздейді. Екінші орынды үйге және жөндеу жұмыстарына арналған тауарларды сататын дүкендер иеленеді — карталардағы сауалдар саны 50%-ға артады, үшінші орында 34%-дық өсім көрсететін жиһаз дүкендері алады.
«Офлайн-дүкендер маңызды сатылым арналары болып қала береді. Яндекс Карталардың деректерінен біз жаппай сатылымдар кезінде сауда нүктелеріне қызығушылықтың артатындығын көріп отырмыз. Бизнеске бұл трендке сай болу және пайдаланушы сатып алуға дайын болған кезде «жақыннан табылу» маңызды. Компанияның карточкасындағы ақпарат қаншалықты толық болса, клиент сатып алу туралы шешімді соншалықты оңай қабылдайды», — Мадина Сейсенғалиева, Орталық Азиядағы Yandex Ads басшысы.
Бизнес жаппай сатылымдар кезеңінде ең жоғарғы табысты қалай ала алады?
Қараша — бизнес ең көп жарнамаланатын айлардың бірі. Бұл кезеңде тек жарнама берушілердің саны ғана емес, медиа-жарнамада да, перформанс-жарнамада да бюджеттер ұлғаяды.
Қараша айында күнделікті сұраныс тауарлары (FMCG), тұрмыстық техника мен электроника, бөлшектеп сату желілері, дәмханалар мен мейрамханалар, ойын-сауық пен демалыс, фарма мен медицина санаттарындағы компаниялар өз ұсыныстарын басқалардан белсендірек жарнамалайды. Бұл ретте бизнестердің көбі ірі қалаларда жарнама жасауға басты көңіл бөледі.
Өздерінің маркетинг микстерінде танымалдықты арттыруға бағытталған медиа-жарнама мен нәтиже үшін төленетін перформанс-кампанияларды біріктірген бизнес жарнамалық конверсия деңгейін орташа алғанда 25%-ға арттырып, жасалған әрекет құнын 20%-ға төмендетеді.
«Жаппай сатылымдар — бизнеске арналған табысты мезгіл. Жарнамалық бюджеттерден барынша көп пайда табу үшін ықтимал клиенттермен сатып алу туралы шешімді қабылдау уақытын есепке ала отырып әрекеттесу қажет. Пайдаланушылар жаппай сатылымдар кезінде ұсыныстарды ынталана іздейді, бәсекелестердің нұсқаларын салыстырады және үздік бағаларды тапқысы келеді. Мұны кілттік хабарламалар мен креативтерде де, жарнамалау құралдары мен деректерді жаңарту кезінде де ескеріп отырған дұрыс», — Мадина Сейсенғалиева, Орталық Азиядағы Yandex Ads басшысы.
Зерттеу Yandex Qazaqstan-ның 2023-2025 жылдардағы электрондық коммерция сервистері мен геосервистердегі іздеу сұранымдары мен пайдаланушылардың белсенділігі туралы деректерді, 2025 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының 18-64 жас аралығындағы 1306 тұрғынының арасында өткізілген онлайн-сауалнама нәтижелерін, сондай-ақ іштей жиналған иесіздендірілген деректерді есепке алады.