
Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн қатарынан, 25, 26 және 27 қазанда демалады. Мерекеге орай елдегі банктер, биржалар мен ХҚКО-тары жұмыс кестесін өзгертті. Көптеген банк бөлімшелері мен биржа саудасы жабық болады.
Банктер
Кезекші бөлімшелер мен кейбір VIP-филиалдардан басқа, көптеген банктердің бөлімшелері үш күн бойы жұмыс істемейді,
Kaspi.kz бөлімшелері 25, 26 және 27 қазан күндері де әдеттегі режимде, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Halyk Bank бөлімшелері, бес күндік жұмыс тәртібіне сәйкес, үш күн 25, 26 және 27 қазанда демалады.
Ал алты күндік жұмыс кестесіндегі филиалдар 25 және 26 қазанда жабық болады. 27 қазанда (дүйсенбі) сенбі күнгі кесте бойынша жұмыс істейді.
Банк ЦентрКредиттің бөлімшелерінің басым бөлігі үшін 25, 26 және 27 қазан демалыс күндері. Алайда әдетте сенбі күні жұмыс істейтін бөлімшелер 27 қазанда сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін ашық болады.
Freedom Bank филиалдары
Алматы (VIP бөлімшеден басқа), Қонаев, Астана және Шымкент қалаларындағы Freedom Bank филиалдары 25 және 26 қазанда жұмыс істемейді. 27 қазан, дүйсенбі күні, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл мына мекенжайлардағы филиалдарға қатысты:
- Алматы және Қонаев
- Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 33/1, БЦ «iPlaza»
- Шымкент, Қонаев көшесі, 31Б
Алматыдағы VIP бөлімше (Әл-Фараби даңғылы, 77/7, н.п. 19А) күн сайын, демалыссыз, сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Банктың басқа қалалардағы филиалдары 25, 26 және 27 қазанда жабық болады.
Мемлекеттік қызметтер мен пошта
ХҚКО-лар 25 қазанда жұмыс істемейді. 27 қазан, дүйсенбі күні, кезекші ХҚКО-лар сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Арнайы ХҚКО-лар сағат 12:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды, ал құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін жалғасады.
28 қазан – әдеттегі жұмыс күні (09:00–18:00). Кезекші ХҚКО-лар сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші бөлімшелердің мекенжайларын арнайы сайттан көруге болады.
«Қазпошта»
Мереке күндері – 25, 26, 27 қазан пошта бөлімшелері жұмыс істемейді.
Биржалар мен сауда
Мемлекеттік мерекеге байланысты Қазақстандағы қаржы нарықтарында сауда жүргізілмейді.
- KASE (Қазақстан қор биржасы): сенбі және жексенбі демалыс, 27 қазан сауда болмайды.
- AIX (Astana International Exchange): биржа 27 қазанда жұмыс істемейді.
- ITS (Astana халықаралық биржасы): жұмыс кестесі АҚШ мерекелеріне негізделген. 27 қазан – жұмыс күні.
- Freedom Broker (АО «Фридом Финанс» және Freedom Finance Global PLC): тәулік бойы жұмыс істейді. Шетелдік биржаларда сауда АҚШ-тың негізгі сессия уақытына сай өтеді (Қазақстан уақытымен 18:00-ден бастап). Қазақстандық биржаларда сауда тиісті кесте бойынша жүргізіледі.