
Қазақстаннан шыққан Зәуре Мұхамәдиева Ұлыбритания атанынан халықаралық Universe Beauty сұлулық байқауына қатысады. Осының алдында 51 жастағы әйел жергілікті жарыста жеңіске жеткен.
Әлеуметтік желілерге жариялаған үндеуінде Мұхамәдиева қайдан шыққанын ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.
«Тәж – мен үшін күш-жігердің, өзіме сенімді әйелдің белгісі іспеттес. Мен оны мақтанышпен киіп жүремін. Жарыстарға Ұлыбритания атынан қатыссам да,, Қазақстаннан шыққанымды мақтан тұтам», – деп жазды ол Instagram-дағы парағына.
Қазақстанда туған Зәуренің үш жоғары білімі бар. Ол жиырма жылдан астам уақыт мұнай-газ саласында істеген, қыз өсірген. Бірнеше жыл бұрын Мұхамәдиева Ұлыбританияға қоныс аударған. Ол жаңа мәдениет пен өмірге бейімделу оңайға соқпағанын, бірақ әбден шыңдалғанын айтып өтті.
Мұхамәдиева осы жетістігін бүкіл әлемдегі әйелдергі үлгі ретінде дәріптегісі келеді.
«Қанша жаста екенің маңызды емес. Ол біздің санамыздағы сандар ғана», – деп есептейлі Зәуре.
Халықаралық Universe Beauty сұлулық байқауының финалы 2026 жылы өтеді. Оған әлемнің елуден астам елінің өкілдері қатысады.