
Қазақстанның бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Токиода өтіп жатқан ірі турнирді уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды.
25 қазанда таңертең қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында ойнауы керек болған. Алайда ол денсаулығына байланысты кортқа шығудан бас тартты. Оның қарсыласы Линда Носкова ешқандай кедергісіз финалға өтті. Чех теннисшісінің Токио финалындағы қарсыласы Белинда Бенчич пен София Кенин арасындағы матчта анықталады.
Рыбакина өткен аптада ғана Қытайдың Нингбо қаласында өткен жарыста жеңіске жеткен.
Елена Жапония астанасындағы жетістігінің арқасында әлемнің үздік сегіз теннисшісі ғана қатыса алатын жыл қорытындысына арналған турнирге жолдама алды. Бұған қоса, Рыбакина WTA рейтингінде алтыншы сатыға көтерілді.