Республика күні қарсаңында 16 жас ғалым пәтер алды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
16 жас ғалым пәтер алды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Республика күні қарсаңында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 16 жас ғалымға пәтер куәліктерін салтанатты түрде табыстады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Министр жас ғалымдардың өмір сапасы мен әлеуметтік әл-ауқаты президенттің ерекше назарында екенін атап өтті.

«Ғылым тек идея мен ізденістен ғана тұрмайды, ол тұрақты қолдау мен қолайлы жағдайды да қажет етеді. Бүгін Ұлттық мереке қарсаңында 16 жас ғалымға пәтер кілттері табысталып жатыр. Бұл – мемлекетіміздің жас зерттеушілерге көрсетіп отырған жүйелі қолдауының және ғылым саласын дамытуға деген берік ұстанымының айқын көрінісі», – деді Саясат Нұрбек.

Президент 2024 жылғы 31 мамырда жастармен кездесіп, ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін көтеруті тапсырған. Содан кейін жас ғалымдарға пәтер берумен айналысатын комиссия құрылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024 жылғы мамыр айынан бастап баспанаға мұқтаж жас ғалымдардың тізімін дайындап келеді. Оған 40 жасқа дейінгі азаматтар кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз