Жаңалықтар

Президент Шұғыла Өмірбекті әлем чемпионы атағымен құттықтады

Шұғыла Өмірбек / фото: uww.org

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 жастағы Шұғыла Өмірбекті күрестен әлем чемпионатының (U23) жеңімпазы атануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр.

Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!» – деді Тоқаев.

Жастар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Нови Саде қаласында өтіп жатыр. Шұғыла Өмірбек финалда түрік қызы Туба Демирмен белдесіп, 12:8 есебімен жеңіске жетті.