Трамптың арнайы өкілі Серхио Гор Қазақстан мен Өзбекстанға келе жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Казахстан и США
Фото: shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамптың Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнайы өкілі Серхио Гор мен мемлекеттік хатшының орынбасары Кристофер Ландау Қазақстан мен Өзбекстанға келеді. Сапар 26-30 қазан аралығында өтеді.

Америкалықтар аймақтағы екі елдің үкіметтерімен кездесіп, экономика және қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

«Құрама Штаттар Орталық Азиядағы серіктестерімен әріптестікті әрі қарай дамытып, екіжақты байланыс пен сауданы нығайтқысы келеді», – деп жазылған АҚШ үкіметінің сайтындағы ресми мәліметте.

Бұған қоса, дипломаттар АҚШ-тың C5+1 платформасы аясында Орталық Азиядағы әріптестігінің 10 жылдығын атап өтуге ерекше мән береді.

Осының алдында Kursiv.Media Трамп әкімшілігі Қазақстандағы вольфрам кені үшін қытайлармен таласып жатқаны туралы жазған. Елдегі вольфрам қорларындағы байлық миллиардтаған долларға бағаланады. Әңгіме Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындары туралы болып отыр. «Тау-кен Самұрық» компаниясының сайтында жариялаған мәліметке қарағанда, бұл екеуінде 12,5 мың тонна вольфрам бар.

25 қазанда Трамп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдап, Республика күнімен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыз