Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы басталды

Қазақстанның 16 өңірінде мандатын тапсырған депутаттардың орнына келетін депутаттарды сайлау науқаны басталды.
Бүгін 71 бірмандатты сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттарын сайлау (қосымша сайлау) өтеді. Оның ішінде 4 облыстық мәслихат депутаты, 15 қалалық мәслихат депутаты, 52 аудандық мәслихат депутаты сайланады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бұл сайлау науқанына 429 сайлау комиссиясы: 16 аумақтық, 58 аудандық, қалалық, 70 округтік, 285 учаскелік сайлау комиссиялары, 2750 сайлау комиссиясының мүшесі жұмылдырылған.
Аталған науқанды өткізуге дайындық шеңберінде бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен аппараттың жауапты қызметкерлері қосымша сайлау өтетін 13 өңірге инспекциялық сапармен барып қайтқан.
Республика маңызы бар қалалар – Астана, Алматы және Шымкент, сондай-ақ Жетісу облысында сайлау жоспарланбаған.
Сайлау өтетін аймақтар:
Алматы облысында – Ұйғыр аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді.
Абай облысында – Ақсуат, Бородулиха, Жарма, Көкпекті және Мақаншы аудандарының мәслихаттарына депутаттар сайланады.
Ақмола облысында – Ақкөл, Зеренді және Целиноград аудандарының мәслихаттарына қосымша сайлау өтеді.
Ақтөбе облысында – Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарының мәслихаттарына сайлау өтеді.
Атырау облысында – Жылыой, Индер және Мақат аудандарының мәслихаттарына депутаттар сайланады.
Шығыс Қазақстан облысында – Зайсан аудандық мәслихатына сайлау өтеді.
Жамбыл облысында – Жуалы және Меркі аудандарының мәслихаттарына сайлау өтеді.
Батыс Қазақстан облысында – Қаратөбе және Сырым аудандарының мәслихаттарына депутаттар сайланады.
Қарағанды облысында – Қарағанды және Саран қалалық мәслихаттарына, сондай-ақ Бұқар жырау аудандық мәслихатына сайлау өтеді.
Қостанай облысында – Қостанай облыстық мәслихатына сайлау өткізіледі.
Қызылорда облысында – Қызылорда қалалық мәслихаты мен Жалағаш аудандық мәслихатына сайлау өтеді.
Маңғыстау облысында – Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданында сайлау өтеді.
Павлодар облысында – Екібастұз және Ақсу қалалық мәслихаттарында, сондай-ақ Ақтоғай, Баянауыл, Тереңкөл және Успен аудандарының мәслихаттарында сайлау өтеді.
Солтүстік Қазақстан облысында – Мағжан Жұмабаев, Тайынша, Шал ақын аудандары мен Петропавл қалалық мәслихаттарында сайлау өтеді.
Түркістан облысында – Түркістан қалалық мәслихатында, сондай-ақ Келес, Ордабасы және Сайрам аудандарының мәслихаттарында сайлау өтеді.
Ұлытау облысында – Сәтбаев және Қаражал қалалық мәслихаттарына сайлау жоспарланған.
Сайлау қорытындысы 2025 жылдың 1 қарашасында шығады.