
Түркістан облысында медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушы ұсталды.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері медициналық мекемеден қашқан сотталушыны ұстады. Ол Түркістан қаласындағы танысының үйінен табылды», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.
«Қажетті барлық процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп атап өтті полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, жағдай Түркістан облысы полиция департаментінің бастығының жеке бақылауында.
«Сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды, бақылау бекеттері қойылып, полицияның бүкіл жеке құрамы бағытталды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 23 қазанда сотталушы Түркістан облысындағы медициналық мекемеден қашып кеткен еді.