
Ақбота Керімбекова «бала-шағасы Алматыға сыйдырмай қуды» деген қаңқу сөзге жауап берді. Ол баласы мен келінін көрсетіп, еркелетті.
«Құлындарым менің, мамасының құлындары! Жарықтары! Мені сыйдырмай, қуып жіберген бала-шағам», – деді әнші оларды айланып-толғанып.
Ешқандай негізсіз тараған мұндай жел сөзге Ақбота Керімбекова риясыз күліп алды. Ешқандай ашу шақырмады.
«Бүгін Алматыға келіп, бала-шағаммен қауыштым. А, Арайка, келіні сыйдырмапты дей ме?! Құдай, сақтай гөр! Ау, қазағым жақсы сөз айтып үйренейік. Балаларымыздың бақытын көрейік», – деп ұлы мен келінін еркете түсті әнші.
Мұның алдында Ақбота Керімбекова мен ұлттық арна дауға қалғаны туралы жазған едік.