Жаңалықтар

Астанада алапат өрт шықты

Астанада алапат өртті сөндіруге 4 жауынгерлік учаске жұмылдырылған / фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Астанада алапат өртті сөндіруге 4 жауынгерлік учаске жұмылдырылған / фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астанада алапат өрт шықты. Оқиға Елорданың Байқоңыр ауданында Ақсай көшесіндегі шаруашылық корпуста шыққан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

«Өртке қарсы қызметі жоғарғы ранг бойынша жұмыс жасауда. Өрт сөндірудің жедел штабы құрылды. 4 жауынгерлік учаске жұмыс істеуде», – деп хабарлады министрлік.

Құзырлы органның дерегінше, өрт сөндіру үшін су үздіксіз жеткізіп отыр. Қазіргі уақытта өрттің өзге ғимараттар мен нысандарды шарпып, таралу қаупі жойылған. Өрт 500 шаршы метр алаңда сөндірілген.

Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, газ блоктарын шығаратын цех шатыры жанған.

Сондай-ақ, Павлодар облысында ер адам әйелі мен үш қызын өрттен құтқарып, өзі қаза болды.