Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы өмірден өтті

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, 52 жасында ел құрамасының бұрынғы қақпашысы Андрей Морев қайтыс болды
Tengri Sport ақпаратынша, федерация көңіл айту жариялаған.
«Қазақстан футбол федерациясы Андрей Валерьевичтің туыстары мен жақындарына терең көңіл айтады. Ол туралы естелік отандық футбол тарихында және онымен бірге ойнаған, қызметтес болған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген ресми хабарламада.
Андрей Морев «Жеңіс», «Оқжетпес», «Тобыл» және «Ақтөбе» сынды қазақстандық клубтарда ойнаған. «Ақтөбе» сапында ол екі мәрте Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын жеңіп алған. 2005 жылы елдің ең үздік қақпашысы деп танылған.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Морев екі кездесу өткізген. Түркияға қарсы дебюттік матчында бірден пенальти соққысын қайтарып, көзге түскен.
Мұның алдында «Ақтөбенің» 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса қайтыс болған еді.