Өзбекстанда автогаз құю станциясында жарылыс болды
Жарияланды

Өзбекстанда автогаз құю станциясында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Оқиға Наманган облысының Чуст ауданында болған.
Kun.uz хабарлауынша, оқиға кезінде көлемі 10 тонна отын резервуарын орнынан жылжыту барысында өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған. Соның салдарынан жарылыс болған.
«112 жүйесіне хабарлама сағат 18:47-де түскен. Оқиға орнына үш өрт сөндіру-құтқару тобы барған. Өрт шықпаған», – деп хабарлады Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан қызметкер жарылыс кезінде қаза тапқан.
Қазір оқиғаның себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Өзбекстанда шенеуніктерді ЖИ-мен алмастырып, 2000 адамды қысқартпақшы.