Петропавлда 13 адам өрттен құтқарылды
Жарияланды

Петропавлда 13 адам өрттен құтқарылды. ТЖМ құтқарушылары зардап шегушілерді эвакуациялап, өмірін аман алып қалды.
Өрт Петропавл қаласындағы Балатбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің балконынан басталған. Шамамен 5 шаршы метр аумақта жеке заттар лаулап жанып кеткен.
«Бірнеше минут ішінде үлкен қайғыға ұласуы мүмкін еді. Алайда дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, оттың таралуына жол бермеді. Олар балкон арқылы пәтерлерге кіріп, 13 адамды эвакуациялады», – делінген ТЖМ ақпаратында.
Құзырлы органның хабарлауынша, өрт сөндірушілер үйлесімді әрекет етіп, өртті толық сөндірген. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өртке темекі шоғы түткі болуы мүмкін.