Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
Жарияланды

Абзал Нүкенұлы Нүкенов Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен кетті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Талдықорған облысы Ақсу ауданы Бүйен ауылында туылған. 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Саясат ғылымдарының кандидаты.
Мұның алдында Президент Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдаған болатын.