
Садыр Жапаров жиенінің тойын резиденциясында өткізді. Данадил Жапаров – Садыр Жапаровтың жиені әрі асырап алған ұлы.
Үйлену тойы 25 қазанда кешке №1 мемлекеттік резиденцияда – «Ала-Арча» кешенінде болған.
24.kg агенттігінің хабарлауынша, тойға шағын қауым келген. Қонақтарға ұялы телефон мен жазба құрылғыларын пайдалануға тыйым салынған.
Данадилдің таңдауы Ыстықкөл облысының Жетіөгіз ауданындағы ауыл қызына түскен. Қалыңдық қарапайым отбасында өскен. Әкесі жоқ, анасы педагог болып жұмыс істейді. Президент отбасы тойдың барлық шығынын өз мойнына алған.
Садыр Жапаров жиенінің таңдауы өзіне ұнағанын айтып, қыздың қарапайым әрі сыпайы мінезіне сүйсінген.
Президент әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми түсініктеме бермеген.
Мұның алдында Садыр Жапаров өлім жазасын қайта енгізу мәселесін халық шешетінін мәлімдеген болатын.