Тоқаев Путинмен сөйлесті
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен телефон арқылы әңгімелесті.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды», – делінген хабарламада.
Ақорданың ақпаратына қарағанда, Мәскеуде өтетін келіссөз екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды.
Сонымен қатар, қазіргі әлемдегі ахуалдың кейбір мәселелері қарастырылған.
Мұның алдында Тоқаев Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісін қызметінен босатқан еді.