Asia Park сауда үйінің таза пайдасы 3,5 есе қысқарған

2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Asia Park (Азия Парк) компаниясының таза табысы айтарлықтай төмендеді. Компания осы кезеңде 46,2 млн теңге көлемінде таза пайда тапқан, бұл өткен жылдың 3 айымен салыстырғанда 3,4 есе аз.
Қаржы есебіне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында сауда үйі 157,5 млн теңге таза пайда алған болатын.
Таза пайданың қысқаруына қаржы шығындарының өсуі себеп болған. Осы кезеңде компания түсімі 1,3 млрд теңге, ал операциялық кіріс 1,2 млрд теңгені құрады. Алайда биыл әкімшілік шығын 4,8% ал қаржы шығыны 7 пайызға артты. Қомпанияның қаржылық шығындары 1,15 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 74,6 млн теңгеге өскен.
Бұл несие бойынша пайыздық шығын немесе қарыз ауыртпалығының көбейгенін байқатады. Нәтижесінде, операциялық пайда жоғары болса да, табыстың басым бөлігі қаржы шығындарын жабуға жұмсалған.
Қорытындысында ASIA PARK 46,2 млн теңге таза табыс көрсетіп, өткен жылмен салыстырғанда 70,7% аз нәтиже алды.
Asia Park ЖШС-ның 95 пайыз үлесі ARCADA grup компаниясына тиесілі болса, 5 пайыз акциясын ARCADA ЖШС иеленеді. Компанияның түпкі иесі – миллионер Алексей Нефедов.
Ол Forbes журналының нұсқасы бойынша 2024 жылы Қазақстандағы ең ірі рентье кәсіпкерлердің рейтингінде 8-орынды иеленген. Нефедовтың компаниясы Астанадағы Asia Park сауда орталығын, сондай-ақ Алматыдағы Mart, Asia Park және Mart Village сауда және қаржы орталығын басқарады.