Мектептерде алғашқы әскери дайындық сағаты көбейеді

Мектептерде алғашқы әскери дайындық бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев айтты, деп хабарлайды KursivMedia.
Алғашқы әскери дайындық сағаты көбейеді
Олжабаевтың айтуынша, мектептердегі алғашқы әскери дайындық сабағы саны жеткіліксіз. Сол себепті қорғаныс министрлігі мен оқу-ағарту министрлігі сабақ пен патриоттық тәрбие іс-шаралары санын арттыруды жоспарлап отыр.
«Мектептерде алғашқы әскери дайындыққа өте аз уақыт бөлінеді. Біздің министрлік оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп жаңа бағдарламаны қарастырып жатыр», – деді ол.
Айтуынша, жаңа бағдарлама аясында қосымша әскери-патриоттық тәрбие іс-шаралары мен алғашқы әскери дайындық пәні бойынша жеке сабақтар енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Kursiv.Media тілшісі Аягөз гарнизонындағы сарбаздардың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.