Семейде адам зорлағаны үшін сотталған ер адам қайтыс болды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
осужденный, колония, Семей
Ер адам мекеменің медициналық бөліміне жүгінген/фото: shutterstock

Семей түрмесінде жазасын өтеп жатқан ер адам қайтыс болды. Ол зорлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, ер адам өзін жайсыз сезінгеніне байланысты мекеменің медициналық бөліміне жүгінген.

«Тексеруден кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел медициналық жәрдем шақырылған. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, сотталған ауруханада көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге инсульт себеп болға», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Түркістан облысында медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушы ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыз