Magnum мен Small азық-түлік бағасын «қымбаттатпаймыз» деп сөз берді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
ЕуроОдақ тұрғындарға үш күндік азық-түлік қорын жинауға кеңес берді
Жыл соңына дейін сауда үстемесі 15%-дан аспайды / Фото: shutterstock

Алматы қаласында Magnum, Small және Toimart сауда желілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны негізсіз көтермеуге міндеттеме алды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ритейлерлер мен әкімдік арасында қол қойылған меморандум шеңберінде жыл соңына дейін сауда үстемесі 15%-дан аспауы тиіс.

«Құжаттың мақсаты – баға тұрақтылығын сақтау, тұрғындарға қолдау көрсету және бірінші қажеттіліктегі тауарлардың алыпсатарлық жолмен қымбаттауына жол бермеу», – делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, бағаны тұрақтандыру мақсатында отандық өндірушілерден тікелей жеткізілімдер ұйымдастырылған. Атап айтқанда:

  • құс еті «Алатау-Кұс», «Отан Грин Фуд» және «Наурыз Агро» кәсіпорындарынан;
  • бірінші санаттағы жұмыртқа «Сары-Бұлақ» фабрикасынан;
  • күріш «Асыл Дән» компаниясынан;
  • қант «КаистИнвест» зауытынан жеткізіледі.

Бұл шаралар баға қысымын төмендетіп, нарықтағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз