Еуразиялық банк мемлекет көмегінің бір бөлігін жыл соңына дейін қайтарады

Жарияланды 28 Қазан 2025 20:08

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Еуразиялық банк мемлекет көмегін жыл соңына дейін қайтарады / Фото: Еуразиялық банк

«Еуразиялық банк» 2025 жылдың соңына дейін 30 млрд теңге мемлекеттік көмекті қайтарады. Осылайша, оның балансында тағы 120 млрд теңге қалады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

KASE-де жария болған ақпаратқа сүйенсек, 2025 жылдың 23 қазанында банктің директорлар кеңесі 30 млрд теңгені қайтарып беру туралы шешім қабылдаған. Қаржы 31 желтоқсанға дейін қайтарылуы тиіс.

Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ақпаратына сүйенсек, 2025 жылдың қыркүйегіне Еуразиялық банктен бөлек, өзге де банктердің мемлекетке қарызы бар. Мәселен, Alatau City Bank – 950,2 млрд теңге, Bank RBK – 176,8 млрд теңге, «Нұрбанк» – 46,8 млрд теңге қарыз.

Айта кетейік, осыған дейін Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі «Еуразиялық банктің`» ұзақмерзімді рейтингін сақтап қалғанымен, болжамын «Тұрақтыдан» «Негативке» өзгерткенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз