Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру қатаң тексеріледі: Тоқаев заңға қол қойды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастыру қатаң тексеріледі / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстан қылмыстық жолмен табылған кірістерді жылыстатуға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейтеді. Тиісті құжатқа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Мемлекет басшысы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Құжат ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің өзара іс-қимылы үшін халықаралық ақпараттық жүйе ретінде кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалаудың халықаралық орталығын құруды көздейді. Сондай-ақ, келісім ТМД елдерінің қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің өкілеттігін бекітеді.

Сондай-ақ оқыңыз