Таразда қыз ұрлаған үш ер адам ұсталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
полиция
Таразда қыз ұрлаған үш ер адам ұсталды / фото: shutterstock

Автобусты күтіп тұрған қызды күштеп көлікке сүйреп апарып, көпшіліктің алдында ұрлаған ер азаматтарды полиция ұстады.

Көшеде ұрлық жасаған адамдарды қала тұрғындары тоқтатуға тырысқан. Алайда куәгерлердің тосқауыл болғанына, қыздың айқайлап жатқанына қарамастан, ер адамдар батыл әрекет еткен. Көлік орнынан жылжып, қашып кеткен.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев үш күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Тергеу барысы ІІМ басшылығының ерекше бақылауына алған. ҚР ҚК-нің 125-1-бабы «Некеге тұруға мәжбүрлеу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Ішкі істер органдары некеге тұруға мәжбүрлеудің кез келген әрекетін және азаматтардың жеке бас бостандығына қарсы өзге де қылмыстарды қатаң түрде тоқтататын болады. Жазаның бұлтартпаушылық қағидаты толық көлемде қамтамасыз етіледі», – деп атап өтті ведомствода.

Айта кетейік, осыған дейін қыз алып қашатындарға жаза күшейгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз