ТЖМ ұшағы Ақтөбедегі науқасты Астанаға жеткізді

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Қазавиақұтқару ер адамды Павлодарға жеткізу/фото: Қазавиақұтқару

Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» ұшағы Ақтөбе-Астана бағыты бойынша санитарлық рейс жасап, Ақтөбедегі жол апатынан зардап шеккен азаматты Астанаға жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

ТЖМ ақпаратына сүйенсек, Самара-Шымкент жолында болған жол апатында жарақат алған 50 жастағы ер адам елордаға жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр болғандықтан, оны шұғыл түрде Астанаға тасымалдау қажет болған.

«Ұшақ медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, бортта дәрігерлер үздіксіз бақылау жүргізді. ТЖМ экипажы мен медициналық бригада науқастың қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті. Ер адам елордалық мамандардың бақылауымен емін жалғастырады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазан күні таңертең «Самара-Шымкент» автожолының 927 — ші шақырымында DAF жүк көлігі мен «Газель» жолаушылар көлігі соқтығысқан. Апаттан екі жүргізуші мен 8 ересек, 2 кәмелетке толмаған жолаушы қайтыс болған. Құрбан болғандардың барлығы – Ақтөбе облысының тұрғындары.

Сондай-ақ оқыңыз