ҰҚК қызметкерлері АҚШ-тан марихуана тасыды деген күдікке ілінді

Алматы прокуратурасы АҚШ-тан Қазақстанға аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдау туралы іс бойынша 20 адамды ұстады. Күдіктілердің арасында ҰҚК-нің екі қызметкері және ІІМ-нің үш қызметкері бар. Олар есірткіні тасымалдауға көмектескен деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, ұсталғандардың АҚШ-тан Алматыға есірткі тасымалдау арнасын ұйымдастырған. Прокурорлар «Жетісу» кеден бекетінде жалпы салмағы 43 кг есірткі салынған 25 сәлемдемені тәркіледі.
«Тергеу барысында жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан сотталған адам Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы – марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған.», – деп нақтылады прокуратура.
Күдіктілердің Қылмыстық жолмен тапқан мүлкіне тыйым салынды. Яғни бес пәтер, үш ғимарат, он жер учаскесі және 44 автокөлік бар.
Іс сотқа қыркүйек айының соңында келді. Қылмыстық топтың қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде есірткіні тасымалдағаны және өткізгені үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Бұл жағдайда лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарылуы және белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салынуы мүмкін.