Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменова неге тойда жүр – сот түсіндірмесі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменованың құрметті қонақ болып отырған сәті түсірілген кадрлар тарады / фото: Қазақпарат
Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменова тойда жүр / фото: Алматы облысының әкімдігі

Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменова неге тойда жүр. Көпті толғантқан сұрақтың сырын Атырау облыстық соты түсіндірді.

Әлеуметтік желіде Бақытгүл Хаменованың құрметті қонақтардың қатарында тойға қатысқаны түсірілген кадрлар тараған. Осыдан кейін көпшілікте түсінбестік туды.

Облыстық сот KursivMedia-ға түсіндіргеніндей, оған жазаны өтеуді үш жылға кейінге қалдыру туралы шешім шыққан. Шешім әлі күшінде.

Айта кететін жайт, Хаменова пара алғаны үшін жеті жыл бас бостандығынан айырылған. Алайда сот 2022 жылы оның екі кішкентай баласы барын ескеріп, жазаны өтеуді кейінге қалдырған.

Ол мәжілістің бұрынғы депутаты және Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары болып қызмет атқарған болатын.

Бұдан бұрын Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы сотта ақталып шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз