Парижде Бриджит Макронға жала жапқан он адамның соты басталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Бриджит Макрон / фото: Getty Images

Парижде Франция президентінің жұбайы Бриджит Макронға қатысты интернеттегі қорлау ісі бойынша сот басталды. Оны «еркек болып туған» деген он адамды жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр.

Сегіз ер адам мен екі әйел – жасы 41 мен 65 аралығындағы азаматтар. Олар 72 жастағы Бриджит пен 47 жастағы Эммануэль Макронның арасындағы жас айырмашылығына байланысты айтылған жала сөздер үшін де жауапқа тартылып жатыр.

AFP агенттігінің хабарлауынша, Бриджит Макрон сотқа келмеді. Бірінші ханымның орнына алғашқы сот отырысына оның адвокаты қатысты. Осы аптада Макронның қызы қызы Тиффани Озье куәлік беруі мүмкін.

Айыпталушылардың арасында шенеунік, галерея иесі, мұғалім және интернет-экстрасенс бар. Соның бірі 51 жастағы Дельфин Ж., желіде «Амандин Руа» деген лақап атпен белгілі. Ол өткен жылы да Брижит Макронға жала жапқаны үшін сотталған болатын.

Осы жылы шілдеде Франция президенті Эммануэль Макрон әйелін «еркек» деп атаған блогер Кэндис Оуэнсті сотқа берген еді.  Франция президенті мен бірінші ханымы блогерді «адамның ар-ұжданына тиді», фан-базасын толтыру үшін өтірік мәлімет таратты деп айыптаған.

Сондай-ақ оқыңыз