
Құрама Штаттарда 1 қазанда басталған шатдаун салдарынан дүйсенбі күні 7 мыңға жуық әуе рейсі уақытылы орындалмай қалды. Өйткені әуе қатынасы саласында маман жетіспей жатыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.
АҚШ бюджетті бекіте алмай жатқанына 28 күн болды. Соған байланысты әуе саласында ондаған мың адам ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр. Шатдаун Құрама Штаттардағы әуе қатынасына да кері әсер етті. Дүйсенбі күні елде 7 мыңға жуық рейс уақытылы орындалмай қалды.
Азаматтық авиация федералдық басқармасы (FAA) маман жетіспейтінін алға тартып отыр. Нью-Джерси, Техас, Даллас/Форт-Уэрт әуежайларында рейстер кешікті. Осының алдында елдің оңтүстік-шығысында да әуе қатынасы дұрыс жүрмей қалған. Өйткені Атлантадағы радиолокация пукнтінде диспетчер жетіспейді.
Агенттік мәліметінше, Құрама Штаттарда шамамен 13 мың әуе диспетчері, Көлік қауіпсіздігі басқармасының 50 мың қызметкері ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр.
Осының алдында бюджет мәселесі бойынша Конгресспен келісе алмай жатқан президент Дональд Трамп әкімшілігі рейстер кешігуі мүмкін екенін ескерткен. Өйткені әуе диспетчерлері сейсенбіден бастап толық айлық алмайды.
Reuters мәліметінше, жексенбі күні 8800-нан астам рейс кешіккен.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 1 қазанда Астана уақытымен сағат 09:00-де АҚШ федералдық үкіметі жұмысын уақытша тоқтатты. Себебі Конгресс жаңа қаржы жылына арналған бюджетті қабылдап үлгермеді. Құрама Штаттарда кейінгі алты жылда алғаш рет шатдаун болып отыр.