Түркияда қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: REUTERS /Sergen Sezgin / Anadolu
Фото: REUTERS /Sergen Sezgin / Anadolu

27 қазанда түнде Түркияның батыс бөлігінде 6,1 балдық қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы түрік баспасөзі хабарлады.

Жерасты дүмпуінің ошағы Балыкесер провинциясының Сындырғы ауданында, 10 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі жергілікті уақытпен түнгі сағат 22:48-де болған. Жер қозғалғанын Ыстанбұл, Бурса және Измир тұрғындары да сезген.

Түрік баспасөзі бірнеше үй қирағаны туралы мәлімет таратып жатыр. Елдің ішкі істер министрі Әли Ерлікайдың хабарлауынша, дүмпу туралы хабар түскен бетте құтқарушылар іске кірісті.

«Жер сілкінісі көрші өңірлерде де сезілді. Төтенше жағдайлар қызметі мен оның бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», – деді шенеунік.

Ерлікай 29 адам зардап шеккенін, бірақ ешкім өлмегенін мәлімдеді. Аудандардың кейбірінде жарық сөнген, су тоқтаған. Түркия президенті Реджеп Ердоған жағдайды жіті бақылап отырғанын хабарлады. Балыкесер провинциясынағы мектептер бір күнге жабылды.

Сейсмикалық орталықтар тағы қырық шақты афтершок тіркеді. Олардың ең қуатты – 4 балл.

Түркияда жиі жер сілкініп тұрады. Өйткені бұл ел сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. 2023 жылғы ақпанда елдің оңтүстігінде болған зілзаладан 53 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Сондай-ақ оқыңыз