Жаңалықтар

«Жарық сөнбейді!» – KEGOC қысқа дайын екенін айтты

В Кокшетау жители неделю живут без электричества
KEGOC биылғы жылыту маусымына сенімді / Фото: kursiv.media архиві

Қазақстан алдағы қыста электр энергиясының тапшылығын сезінбейді. Бұл туралы Үкіметтегі баспасөз брифингінде «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов мәлімдеді.

Айтжановтың айтуынша, елдегі энергия жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр, ал шамалы тапшылық Ресейден импорт есебінен өтеліп отыр.

«Қазір 330 МВт көлемінде аздаған тапшылық бар, бірақ ол Ресейден келетін қуат арқылы толық жабылып отыр. Алдағы жылыту маусымында, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тапшылық болмайды деп болжап отырмыз. Қажетті энергия көлемі Ресей Федерациясынан алынады. Сондықтан бүгінгі таңда еліміз өз қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отыр», – деді Айтжанов.

Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов те Қазақстанның электр энергиясымен өзін-өзі толық қамтып отырғанын атап өтті. Тапшылық тек тұтыну көлемі күрт артқан шекті кезеңдерде ғана байқалады. Мұндай жағдайда жетіспейтін қуат көрші елдерден уақытша импортталады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, елдегі энергия жүйесі жылыту маусымына дайын, ал ірі станцияларда жөндеу жұмыстары жоспарға сай аяқталып жатыр.