Шымкентте сот іздеу жариялаған экс-депутаттың ісі тоқтатылды

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қуаныш Дәулетәлиевке қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бұған дейін сот оған себепсіз сот тергеуіне қатыспаған соң, екі рет іздеу жариялаған еді.
Оған «көпшілік алдында қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту» айыбы тағылған.
Сотталушының кінәсі сотта дәлелденген. Ол үшін куәлерден жауап алынып, сот-филологиялық сараптама қорытындысы тағайындалған. Десе де Дәулетәлиев кінәсін толық мойындамаған, істеген іс-әрекетіне өкінбеген. Ал жәбірленуші Ескендір Жамбаев соттан айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұраған.
«Сот оны Қылмыстық кодекстің 131-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп таныды. Қылмыстық кодекстің 71-бабы 1-бөлігінің 1) тармағымен қылмыстық теріс қылық ісінің ескіру мерзімдері өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды» делінген сот хабарламасында.
Сот жәбірленушінің азаматтық арызын қанағаттандырған, яғни моралдық өтемақы өндіруге қаулы шығарған.
Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енбеген.
Бұдан бұрын 49 жастағы Қуаныш Дәулетәлиевке сот тергеуіне екі рет себепсіз келмегені үшін іздеу жарияланған еді. Жәбірленушінің айтуынша, экс-депутат оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, балағаттаған. Іс сотта жабық қаралған.
Экс-депутатты іздеу туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында 2 қыркүйек күні пайда болған. Айыпталушы бұған дейін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты және «Ауыл» партиясының мүшесі болған. Осы партияның депутаттық фракциясын басқарған.
Шымкент қалалық мәслихатының ресми сайтындағы деректерге қарағанда, Дәулетәлиевтің мамандығы заңгер. Бірақ 25 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады. Ол мәслихатта «Ауыл» партиясының