Жаңалықтар

Тоқаев Ердоғанды құттықтады

Түркия ұлттық мейрам – Республика күнін тойлап жатыр/көрнекі фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Президент Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.

«Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді», – делінген ақпаратта.

Тоқаев Ердоғанның жауапты қызметіне табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, Республика күні (Cumhuriyet Bayramı) – Түркияның ұлттық мерекесі. Бұл күн 1923 жылдан бастап тойланады.