Жаңалықтар

2025 жылдың 6 айында Қазақстанға 10 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылған

Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов
Тікелей шетелдік инвестиция жылдан-жылға азайып барады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 10,1 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға жоғары.

Былтыр елге тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 17,2 млрд доларды құрады. Қазақстанда 45 жаңа жоба іске қосылып, 6 200 жаңа жұмыс орны ашылған. Инвестициялар негізінен келесі салаларға бағытталды:

  • тау-кен өнеркәсібі – 6,5 млрд доллар
  • өңдеу өнеркәсібі – 2,8 млрд доллар
  • сауда – 5,3 млрд доллар
  • кәсіби және ғылыми қызмет – 0,9 млрд доллар.

Негізгі инвесторлар қатарында Ресей ($4,1 млрд), Нидерланды ($3,8 млрд), Оңтүстік Корея ($1,2 млрд), Бельгия ($1,2 млрд) және Қытай ($1,2 млрд) бар.

Қазақстанға тартылған инвестиция

Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі

Тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ), млрд АҚШ доллары

2024 жылы Ресейден Қазақстанға құйылған тікелей инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда, 1 млрд долларға артық. Осылайша, Ресей көп жылдан бері көш бастап келген Нидерландыны басып озып, Қазақстанның басты инвесторына айналды (Нидерланды 2024 жылы 3,8 млрд доллар инвестициялаған). Жалпы 2024 жылы Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестицияның 23,6%-ы ресейлік капиталға тиесілі.

Үкімет баспасөз қызметінің хабарлуынша, осылай Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші инвестициялық орталық ретіндегі позициясын сақтап келеді. ЮНКТАД деректеріне сәйкес, 2024 жылы теңізге шыға алмайтын елдерге арналған бес greenfield-жобаның төртеуі Қазақстанда жүзеге асырылған.