Қазақстандықтарға арналған авто лизингтің шарттары белгілі болды

Жарияланды
Қазақстандықтарға арналған авто лизингтің шарттары белгілі болды / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Сауда министрлігі қазақстандықтарға автокөлікті лизингке алуға мүмкіндік беретін ішкі сауда ережелеріне түзетулер дайындады. Бұдан бөлек, авто лизинг үлгі шарты бекітіледі.

Автокөлік лизинг мүмкіндігі

Ішкі сауда ережелеріне енгізілген өзгерістер туралы құжат «Ашық НҚА» сайтында жария болды. Бірақ оған ешқандай түсініктеме жоқ. Министрліктің Kursiv.Media өтінішіне жауап ретінде Ережеге жеке тұлғалар лизинг шарты бойынша көлік сатып ала алатындығы туралы – оларды одан әрі меншікке өткізу немесе лизинг берушіге қайтару мүмкіндігі туралы тармақ қосылатынын хабарлады.

Лизинг шарттары үлгі нысаны бойынша жасалған. Машинаны лизингке алғандар үшін ережелерді жақсарту мүмкіндігі қарастырылған. Алайда бұл тармақ пайдаланылған автомобильдерге қолданылмайды, яғни осы ережелер бойынша лизингке тек жаңа автомобильдерді алуға болады.

Құжат 2 қарашаға дейін талқылауда.

Лизингтің типтік ережелері

Шарттың үлгісінде лизинг беруші компания Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келетін автокөлікті сатушыдан сатып алуға және оны алушыға ақылы түрде уақытша иеленуге (жалға алуға) беруге міндетті екендігі көрсетілген. Бұл ретте автокөлікке меншік құқығы лизинг алушы, яғни сатып алушы шарт бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындағанға дейін автокөлікті лизингке берген компанияда қалады.

Автокөлікті қалай алуға болады

Автокөлікті лизингке Лизингтік компания аккредиттеген сақтандыру ұйымында зақымдану, жоғалу, жойылу немесе ұрлану тәуекелдерінен сақтандыруды ресімдегеннен кейін ғана алуға болады.

Егер шарт мерзімінен бұрын бұзылса, сатып алушы машинаны лизингке берген компанияға келісімге сәйкес келетін жағдайда қайтаруға міндетті. Лизинг алушы да, Лизингтік компанияның өзі де сатушыны және машинаны таңдай алады.

Авто қандай мерзімге беріледі және ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі қандай

Сондай-ақ, көлік құралы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің 75% – нан аспайтын мерзімге лизингке берілуі мүмкін екендігі көрсетілген. Лизинг және тұрақсыздық айыбы бойынша сыйақы мөлшері тараптардың келісімімен айқындалады, бірақ олардың жалпы сомасы лизинг нысанасының, яғни автомобиль құнының жылдық 46% аспауға тиіс.

Лизинг алушы төлемдерді кесте бойынша төлеуі керек. Екі есеп айырысу кезеңінен артық кешіктірілген жағдайда Лизингтік компания көлікті қайтаруды талап етуі мүмкін. Сонымен қатар, төлемді кешіктіргені үшін өсімпұл алынады, оның мөлшері нақты шартта анықталады. Лизингтік автокөлікті мақсатсыз пайдаланғаны немесе бүлдіргені үшін лизинг беруші шартты бұзуға және мүлікті қайтаруды талап етуге құқылы.

Лизингтік автокөлікті қалай сатып алуға болады

Лизинг алушы лизингтік төлемдерді және шартта көзделген өзге де сомаларды төлеу жөніндегі міндеттемелерді толық орындағаннан кейін ғана автокөлікті меншікке түпкілікті ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қазанда үкімет жеке тұлғаларға арналған автомобиль лизингін енгізу туралы шешім қабылдады. Ол қазақстандықтардың автомобиль сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз