
Вьетнамда су тасқыны кем дегенде 10 адамның өмірін қиды, тағы бесеуі жоғалып кетті, деп хабарлайды Associated Press.
Жойқын су тасқынынан қалалар, ауылшаруашылық жерлері және көлік инфрақұрылымы зардап шекті.
Дананг қаласындағы жағалауда алты адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Төртеуі жоғалып кетіп, 19 адам жарақат алды. Тұрғын үйлерді, егін мен шаруашылықтарды, жануарларды су шайып кетті.
Елдің бұрынғы астанасы Хью қаласында бір адам суға батып кетті. Бес жасар қыз тасқын суға түсіп іс-түссіз жоғалған. Өзге қалаларда үш адам қайтыс болған.
Қаланың едәуір бөлігі әлі де су астында. 27 қазан күні кешке тәулігіне жауын-шашын мөлшері 1085 мл-ге жетті (1 мл жауын-шашын 1 шаршы метр яғни 1 литр суға тең). Ұлттық метеорологиялық агенттік бұл көрсеткішті ел тарихындағы рекордтық деп таныды.