Зейнет жинағына сатып алған үйді сатуға рұқсат па?

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Зейнет жинағына сатып алған үйді сатуға рұқсат па? / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серікжан Қобланбаев

Өнеркәсіп министрлігі Отбасы банктің зейнетақы жинағына сатып алынған тұрғын үйді сатуды бес жылға шектеу туралы ұсынысын қолдамады. Яғни пәтер сатып алу үшін зейнетақы қаражатын алып, содан кейін үйді сатуға болады.

Жағдайға байланысты Kursiv.Media Отбасы банкке сауал жолдаған еді. Банк ақпаратына сүйенсек, бір пәтерді бірнеше азаматқа қайталап сату арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін шығарып алатын оқиғалар жиі болады. Банк осы жағдайға байланысты ұсыныс жасаған.

Банк зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсынысты Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жолдаған. Яғни зейнетақы жинағына сатып алған үйді бес жыл бойы сатуға тыйым салуды ұсынған.

«Банктің бұл ұсынысы қолдау таппады. Өйткені Заңда жылжымайтын мүлікті қандай жағдай да сатуға болмайтынын нақты жазылған. Ал зейнетақы жинағына сатып алынған үй бұл ережеге кірмейді. Сондықтан қазақстандықтар зейнетақы төлемдерін бұрынғыдай тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалана алады. Барлық өтінімдер штаттық режимде қаралады», – деп хабарлады Отбасы банк.

Банк 2021 жылдан бастап тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған 1,5 млн өтінімді өңдегенін атап өтті.

Бұған дейін Отбасы банк қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп зейнетақы қаражатына сатып алынған пәтерлерді сатуды шектеу ұсынғанын хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз