Жаңаөзендегі мұнайшылар келіссөзден кейін ереуілді тоқтатты

Маңғыстау облысындағы «Мұнайспецснаб Компани» жұмысшылары басшылықпен келіссөздерден кейін ереуілді тоқтатты. Ақпаратты Kursiv.Media-ға «Қазмұнайгаз» растады.
«2025 жылы 29 қазандағы жағдай бойынша «Мұнайспецснаб Компаниядағы» жағдай реттелді. Кәсіпорынның жұмысы толық көлемде қалпына келіп, қызметкерлер өз жұмыс орындарына оралды», – делінген ҚМГ түсініктемесінде.
«Мұнайспецснаб Компани» Қазмұнайгаз ұлттық компаниясының еншілес ұйымы «Өзенмұнайсервиске» көлік қызметтерін ұсынатыны атап өтілді.
Мұнайшылар бұған дейін «Мұнайспецснаб Компанияда» еңбек құқықтары мен әлеуметтік әділетсіздіктердің бұзылғаны туралы шағым жасап, бейне үндеу жариялаған. Қызметкерлер Президентке, Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының әкімдеріне, облыстық прокурорға және «ҚазМұнайГаз» басшысына жүгінді.
2022 жылдан бастап Қазақстанда 97 ереуіл тіркелді. Олардың басым көпшілігі (87%) Маңғыстау облысына тиесілі. Бұл наразылықтардың негізгі қатысушылары мұнай-газ саласы мен сервистік мердігер компаниялардың қызметкерлері болды.